- Блогтар
- Элиманов Ж. Қ.
Элиманов Ж. Қ.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі Ведомствоаралық кеңестің отырысы өтті
Басты тақырып ретінде Ұлттық тәуекелдерді бағалау қорытындылары мақұлданды. Бұл – Қазақстан Республикасында қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы негізгі қауіптерді, осал тұстарды және тәуекелдерді айқындайтын ұлттық деңгейдегі құжат. Құжатта елдегі ақшаны жылыстатуға қарсы жүйесінің қарқынды дамуы атап өтілді. 2023 жылы жүргізілген халықаралық бағалау нәтижесінде Қазақстан соңғы жылдары қаржылық қауіпсіздігін едәуір күшейткен ел ретінде танылды. Халықаралық сарапшылар Қазақстанның қаржылық ағымдарды бақылау, қылмыстық кірістерді заңдастырудың алдын алу және терроризмді қаржыландыру арналарының жолын кесу бойынша қабылдаған шараларын оң бағалады. Осы шаралардың нәтижесінде Қазақстан Basel AML Index беделді халықаралық рейтингінде жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ел экономикасы үшін ең үлкен қауіп әлі де алаяқтық, есірткінің заңсыз айналымы, сыбайлас жемқорлық, көлеңкелі бизнес пен салық төлеуден жалтару болып отыр. Есепте қылмыстық кірістерді заңды активтерге айналдыру кезеңіне ерекше назар аударылған. Ең осал салалар ретінде жылжымайтын мүлік нарығы мен қымбат металдармен операциялар танылды. Қымбат көліктерді, антиквариатты, өнер туындыларын және басқа да сән-салтанат заттарын сатып алу саласында орта деңгейлі тәуекел анықталған. Кірістерді заңдастыруға қолданылатын кең таралған схемалардың қатарына мүлікті сенімсіз тұлғаларға рәсімдеу, жалған мәмілелер жасау, қолма-қол ақшамен жүргізілетін операциялар, сондай-ақ криптовалюталарды пайдалану жатады. Терроризмді қаржыландыруға байланысты тәуекелдер бойынша бөлек бағалау жүргізілді. Орташа қауіп деңгейі берілді, бұл бірқатар факторларға байланысты: криптовалюта операцияларын бақылаудың қиындығы, краудфандинг пен қайырымдылық ұйымдарының қызметін реттеудің жеткіліксіздігі, сондай-ақ кейбір коммерциялық емес құрылымдардың заңсыз схемаларға тартылу ықтималдығы. Анықталған тәуекелдерді азайту, қауіп-қатерлерді барынша төмендету және осал тұстарды жою мақсатында барлық құқық қорғау және уәкілетті органдардың қатысуымен арнайы іс-қимыл жоспары әзірленуде. ...
- 16.05.2025
- 150
Қаржылық мониторинг агенттігінде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Агенттік Төрағасы Жанат Элиманов ұжымды алдағы мерекелермен құттықтап, олардың кәсібилігі мен елдің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдірді. Салтанатты жиын аясында кәсіби қызметінде жоғары нәтижелер көрсеткен және қызметтік міндеттерін ү ...
- 06.05.2025
- 119
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі туралы
ҚМА аса ірі мөлшердегі алаяқтықты, теориялық және практикалық емтихандарды, қаржы пирамидаларын тапсыру, мемлекеттік субсидияларды ұрлау, заңсыз микроқаржы қызметін жүзеге асыру рәсімдерін айналып өту үшін жүргізуші куәліктерін ресімдеудің заңсыз схемасын анықтау және жолын кесу ...
- 02.05.2025
- 121
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі туралы
ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау және жолын кесу, мемлекеттік субсидияларды ұрлау, заңсыз микроқаржы қызметін жүзеге асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. ...
- 25.04.2025
- 138
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі туралы
ҚМА алаяқтық пен заңсыз кәсіпкерлік қызметті, бюджет қаражатын ұрлауды, заңсыз майнингті, есірткі өткізуді анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. ...
- 20.04.2025
- 125


