Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.

2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 38810
  • 23.04.2010
  • 10.05.2010

Тенелбаева Аксулу Аманбердиевна 28.04.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

1. Жесір-ана құқығы? 2. Орган қызметкері жұмыс бабында жол апатынан қаза болған, артында қалған кәмелет жасқа толмаған 4 балаларына пенсия осы кезге дейін төленбеді? Осы мән-жайды көңіл бөліп қараусыз қалдырмауыңызды сұраймын! Өтініш Сәлеметсізбе Қырымбек Көшербаев мырза! Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып осы жан айқайыма құлақ асуыңызды өтіне сұраймын. Сізге 2009 ж 3-4 кезек барып приемга жазыла алмадым. Бірінші барғанымда жазбаймыз,екінші барғанымда ондай мәселені карамайды,үшіншісінде демалыста деді. Менің жолдасым Табынбаев Саламат, 2007 жылы жұмыс бабымен жүріп, жол апатынан қаза болды. Жаңаөзен қаласының қызметкері болды. Говдының бір бөлігіне 4 кісі комиссия: 1.Сартаев Н. 2.Асинова Г. 3.Кушкембаева Ә. 4.Тәжібаев Е. Осылар Астанадан келген. Басшылары Кендірлі асырып алып кетуін заставит етіп, осы коммисиядан құтылып кел деп, шеніңді өсіреміз деді. Сол кеткеннен жолдасым өліп тынды. УВД, Прокуратура бәріне қоймай әлі жазып келемін, бірақ еш нәтиже болған жоқ. Неше жыл өт ...
Толығырақ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

жумажанов сарсенбек 28.04.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Осы жылы Маңғыстауда Ақтау сити кұрлысы басталады ма?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Жаворонкова Мария Анатольевна 27.04.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Здравствуйте. Меня зовут Мария. Меня интересует такой вопрос. Мы молодая семья у нас ребенок, живем мы в однокомнатной квартире вчетвером, я, муж, ребенок и мой брат, мы хотели бы встать на очередь на получение квартиры. Когда будут принимать заявления? И по какой системе происходит постановка на очередь и есть ли у нас реальная перспектива получить квартиру?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Сағындықова Жұмагүл 26.04.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Біз Жетібай кентінің тұрғынымыз. Кентімізде бірнеше жылдан бері шешілмеген мәселелер бар. Олар:1) Жетібай кенті және Құрық кенті аралығындағы жол қашан жөнделеді? 2) Жетібай кентіндегі №4 Орта мектеп қашан салынады? Қазір оқып жатқан мектеп Кеңес Одағындағы балабақшаның ғимараты. 3) Көшеміздің бойынан су құбырын жүргізген, бірақ толық аяқталмаған, су келмей тұр. 4) Су бағасы өте қымбат. 5) Жаңа балабақша мен Спорт мектебі, Өнер мектебі қашан салынады? 6) ҰБТ орталығын өзіміздің ауданымызда болуын сұраймыз. Себебі: біздер Ақтау қаласына барып, сол жақта қонып, ертесіне тапсырамыз, ол бізге өте қолайсыз. 7) Жұмыссыздық мәселесі. Жастар жұмыссыз жүр. Осы мәселелерді шешуіңізді сұраймыз!!!

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Айтманова Тилектес 26.04.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Сізге халыққа осындай мүмкіндік беріп отырғаныңызға алғыс айта отырып, сауалымды жолдап отырмын. Мен, Айтманова Тілектес, үстіміздегі жылдың Елбасымыздың «Балапан» бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлік ретінде балабақша салу мәселесі бойынша хабарласып отырмын. Өзім Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр елді мекенінің тұрғынымын. Мамандығым бойынша экологпын, жасым 28-де, жолдасым мұнайшы болып жұмыс істейді. Бұл - кәсіпкерлікке алғашқы қадамымыз. Сауалым қаржы мәселесіне байланысты болып отыр, яғни несие мәселесі қалай болатыны туралы және жеңілдік пайыздар қарастырыла ма сол туралы білгім келеді. Рахмет. Құрметпен : Айтманова Т. 26.04.2010 жыл

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)