Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.

2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 38962
  • 23.04.2010
  • 10.05.2010

Азанова Артык 05.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Маңғыстау облысының әкімі Қ.Е.Көшербаев мырзаға №3 орта мектептің мұғалімі А.Азановадан ӨТІНІШ Осы өтінішімді бере отырып, төмендегідей жағдайымды білдіремін: Мен, Азанова Артықбибі Ақтау қаласындағы №3 орта мектепте 1992 жылдан бері жұмыс жасаймын. Мамандығым мұғалім, еңбек өтілім – 30 жыл, 1981 жылдан бері кәсіподақ мүшесімін. 2000 жылы пәтер алу жөніндегі Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты кәсіподақ ұйымына құжаттарымды тапсырдым. Күні бүгінге дейін пәтерсізбін, пәтер сатып алуға әлеуметтік жағдайымыз көтермейді. Әкем – Ұлы Отан соғысының мүгедегі, ал өзім бала кезден мүгедекпін, денсаулығым күннен – күнге нашарлап келеді. Автобусқа әрең мініп, түсемін. Мен бала кезден ІІ – топ мүгедегімін, бірақ ІІ - топтағы мүгедектігін алсаңыз, «жұмысқа жарамсыз», - деп береміз деген соң, ІІІ – топ мүгедектігін сұрап алдым, себебі: «әрі пәтер жоқ, әрі жұмысым болмаса – мені кім асырайды» - деген оймен. Пәтер алу жөніндегі берген арызымды қаағаттандыруды ...
Толығырақ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Шуакова Камшат Есенқызы 04.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Қырымбек аға! Мен, Шуакова Камшат Есенқызы, 1981 жылы туылғанмын. Отбасымда жолдасым, екі балам бар жас жанұямын. Еңбек жолымды 2002 жылы жоғары оқу орнын бітірген соң өз туған жерім Бейнеу аудандық қаржы бөлімінде заңгер, Бейнеу ауданы әкімі аппаратында бас маман қызметтерінен бастап, 2004 жылы Ақтау қаласына тұрмысқа шыққан соң, осы жылы Маңғыстау облыстық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы департаментінде жетекші маман болып қызмет істеймін. Қазіргі таңда бұл департамент Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы болып ауысты. Сонда кадр ісі жөніндегі бас маман қызметін атқарып жатырмын. Мемлекеттік қызметте азда болса 6 жыл жарымдай еңбек өтілімім бар. 2005 жылы тұрғын үй туралы бағдарлама қабылданған уақытта мемлекеттік бағдарлама бойынша басқарманың атынан Ақтау қаласы әкімдігіне тұрғын үйге кезекке тұрғанмын. 2006 жылы 22 қарашада жер кезегіне мемлекеттік қызметкер атынан кезекке тұрғанмын. Бірақ белгісіз себептерден не жазылған арызға мемлекеттік қызметкер деп тіркеген анықтаманың жоғалуына байланысты жалпы кезекке тіркеген. 2009 жылы қайта осы туралы Ақтау қаласы әкіміне хат жазғанымда өзгеріс енгіземіз деген бірақ ол тек сөз жүзінде айтылған екен. Жер кезегіне 2009 жылы жазған арызым бойынша сол күнмен тіркеген. Неге деген сұраққа 2006 жылғы кезекпен тіркесек тізім кезегі бұзылады сененде басқа адамдар бар олардың кезегін өзгерте алмаймыз деп жауап береді. Менің үздіксіз 2004 жылдан бері мемлекеттік қыз ...
Толығырақ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Кашаганова Сания Узакбаевна 03.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Сәлеметсізбе құрметті Қырымбек Көшербаев! Мен Қашағанова Сания Ұзақбайқызы 2009 жылы Ш.Есенов атындағы КТжИ Университетін үздік бітіріп, Мұнайлы ауданының №5 орта мектебіне жас маман ретінде жұмысқа орналастым. Анам медбике болып жұмыс жасайды, 3 сіңлім сабақта, ал әкем биыл қайтыс болды. Біз ст. Мангышлақта бір бөлмелі пәтер жалдап тұрамыз. Анам екеуіміз бюджетте жұмыс жасаймыз. Жас маман ретінде "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша ипотекалық пәтер алуға көмектесуіңізді сұраймыз.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Мүдебаев Хайрулла Мүдебайұлы 03.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Көшербаев Қырымбек Елеуұлы! Ақтауда үй жалдап тұрушы Мүдебаев Хайрулла бірінші топтағы мүгедекпін. Кемпірім екінші топтағы мүгедек. 83 жастамын. Отан соғысына теңестірілген тыл және еңбек ардагерімін. Ақтауда пәтер кезегінде 600 орында тұрмын. Ал кезекке жасым жетпейді. Сізден өтініп сұраймын кезегімді кезектен тыс жылдамдатып пәтер беруіңізді өтінемін.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Бокаева Балгыз Муса қызы 02.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Мен зейнеткермін. Балам, Бокаев Абылай, 2009 жылы мұнай колледжін бітірді, бірақ әлі күнге жұмыссыз, қайда барсам да, таныстардың ұлдары жұмыс табады да, әрі әкесі жоқ, әрі оралманның баласы қайда барады. "Өзенмұнайгаз" директорына кіру мүмкін емес, 100-деген адам сыртта жүр. Сізден көмек сұраймын. Өзім "Алтын алқа" иесімін, мынау жалғыз балам. Күйзелгеннен сізден жылы лебіз болады деп сенемін.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)