Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.

2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 38958
  • 23.04.2010
  • 10.05.2010

Юсупов Рустем Орынбаевич 06.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Ассалаумағалейкум.Мен 2003 жылы Жетібай кентіне арнайы шақыртумен келген оралманмын,№8 мектепте жұбайым екеуіміз де мұғалімбіз,жоғары білімдіміз,аудан,облыстық бірнеше сайыс жеңімпаздарымыз.3 балам,зейнеткер анам барлығымыз 1 бөлмелі пәтерде тұрамыз,өте қиын болып тұр.Тұрғын үй салуға немесе сатып алуға облыстық көлемде қандай көмектер бере аласыздар?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Шермаганбетова К.Н. 06.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

К .Е.Көшербаев мырзаға, № 3 орта мектеп мұғалімі Шермағанбетова Күлшарат Наришқызынан Өтініш Мен, өз өтінішім бойынша төмендегі жағдайымды білдіремін. №3 орта мектепте 2006 жылдан бастап жұмыс жасаймын, мұғалімдік өтілім – 26 жыл. Ақтау қаласына 2006 жылы, жанұя жағдайыма байланысты Қызылорда облысынан қоныс аударып келдім. Отбасымда 6 адам тұрады. Жолдасым - Қыдырбаев Қалжан қарапайым жұмысшы, 4 ұлымның үлкені Қыдырбаев Жасұлан, 1988 жылы туылғаннан бала 1-топтағы мүгедек, Кыдырбаев Дархан 1990 жылы туылған – студент, 2 - балам мектеп жасында. 2006 жылдан бастап Сарбатырова Галинаның 1-25-33 пәтерін жалдап келемін 4 жылдан бергі ай сайын алған еңбек ақымыз пәтерден артылмайды. Мүгедек балам Қыдырбаев Жасұланды емдетуге дәрі-дәрмек алуға әлеуметтік жағдайым көтермейді. Балам уақтылы емін алмаған соң денсаулығы төмендеп барад ...
Толығырақ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Абаданова Алия Сабырбайқызы 06.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Қырымбек аға. Мен Абаданова Алия Сабырбайқызы. Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосының тұрғынымын. Мұнайлы ауданының №1 орта мектебінде мұғаліммін. Жолдасым Аширов Сағынжан Мәлікұлы №5 орта мектепте мұғалім. Бір қызымыз бар. Жолдасым екеуіміз «НұрОтан» ХДП-ның белсенді мүшесіміз. Қазіргі таңда баспанамыз жоқ. Әр жерлерде үй (сарай) жалдап тұрып жатырмыз. Тұрғын үйге аса мұқтаж отбасымыз. Мектепішілік тұрғын үй кезегінде тізімдеміз. Қазіргі таңда мұғалімдер отбасына аса көңіл бөліп жатқан кез емес пе? Мені алаңдатып жүрген мәселе аяғым егіз балаға ауыр, отбасымыз үлкейеді. Бірақ жалдап тұрып жатқан үйіміз (сарайымыз) өте тар, ремонты нашар. Дәл қазір үй сатып алатын немесе ипотекаға алатын жағдайымыз жоқ. Аудан әкімшілігі мен аудандық «НұрОтан» ХДП-ның төрағасы Абилов Елубай мырза мен оның орынбасары Есенбай Құли мырзаның да хабары бар. Өйткені мен «НұрОтан» ХДП-ның төрағасы мен орынбасарының атына екі рет арызданған болатынмен. Бірақ ешқандай жауап жоқ. Сондықтан да мен сізден өтініп сұрайтыным, осы жағдайымды ескеріп бюджеттік қызметкерлерге салынған үйден пәтер бөлгізуіңізді сұраймын.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Gauhar Esentemirova 06.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Маңғыстау облысының әкімі Қ.Е.Көшербаев мырзаға Ақтау қаласының тұрғыны Абдиганиева Ұлболғаннан өтініш. Осы өтінішімді бере отырып, төмендегідей жағдайымды білдіремін: Мен , Абдиганиева Ұлболған « Қарттар және мүгедектер» үйінің жұмысшысымын , көп балалы анамын , 6 балам бар , жолдасым II-топтағы мүгедек, 2 бөлмелі пәтерде тұрамыз . 2005 жылдың мамыр айынан бастап жер телімі кезегінде тұрмын , осы мәселеге байланысты Мұнайлыдағы жер телімін беретін мекемеге бірнеше рет бардым , бірақ нәтиже жоқ . Үлкен ұлым 2 баланың әкесі Исентемиров Анвар «№8 Өрт сөндіру» мемлекеттік мекемесінде жұмыс жасайды , ол өзінің жұмыс жасайтын мекемесінде және әкімшілікте үй кезегінде 2007 жылдан бері тұр, қазір пәтер жалдап жүр.Және де 6 балаға арналған күміс алқаға 2010 жылдың қаңтарында арыз бергенмін , соны осы күнге дейін әлі алған жоқпын. Үй және жер телімі және 6 балалы анаға арналған күміс алқа мәселесінің шешілуін Маңғыстау халқының басшысы ретінде нәтижесіз қалдырмауыңызды сұраймын!

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Тұрсынова Алуаш Маденқызы 05.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Салеметсізбе! Қырымбек Елеуұлы! Мен Тұрсынова Алуаш Маденқызы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғынымын. Сіздін халыққа осындай мүмкіндік беріп отырғаныңызға көп рахмет. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып сізге кояр сауалдарым бар еді. Менің анам Қонарова Ақбөкес 1999 жылы Түркменстаннан менің қолыма көшіп келді. Озі "Тыл Ардагері" 1999 жылдан бері сол кісіге ешқандай көмек көрсетілген жоқ, алатын зейнетақысы да көбеймейді. Осы кісіге қандай көмектеріңіз бар. Тағы бір сауалым, өзімнің 4 балам бар, кіші қызым Нұрбергенова Айнұр 2009 жылы Ш.Есенов атындағы колледжінің заң факультетін оқып дипломын алды, бірақ жұмыссыз. Қызыма жұмыс тауып бере аласызба? Өзімнің де жолдасымның да денсаулығымыз жоқ.

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)