Усюпбеков Нуржан

Уважаемый господин министр! Вынужденно обращаюсь на Ваш блог. На сегодняшний день столкнулись с очень несправедливым действием и беззаконием со стороны ДГД гШымкента. По акту проверки заблокировали счета и выставили инкассу. Хотя данный акт и уведомление по результатом проверки обжаловано. Согласно ст 185 НК РК в период обжалования все действия должны в обязательном порядке приостановиться. Но не смотря на это не статус обжалования не присвоен. На основании этого прошу наказать виновных лиц. Дать указание чтобы открыли счета на период обжалования ...

Толығырақ
НАЗАРОВ ОНЛАСЫН
  • Нәжімиденов Б.Т.
  • 13.04.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
  • 310
  • № 679073/1

Кенжебекұлы Жамаубаевқа; ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Берік Төлеутайұлы Нәжімиденовке Түркістан облысы «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Онласын Назаровтан БСН 170540002760 Мақтаарал ауданы, Ж.Нұрлыбаев ауыл округі Мырзатөбе елді мекені, Бәйтерек көшесі, №4 үй Байланыс телефонымыз: 8-775-251-46-34 Менің сіздерге шағымданып хат жазуымның бірден бір себебі, ол – Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу саласының камеральдық бақылау бөлімі басшысы Ажибеков Оспан Даниярұлының жұмысына көңіліміз толмайды. Себебі, біздер, яғни мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаушылар, атап айтсақ, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер осы аталған ішкі аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу саласының қызметкерлерімен жыл сайын тендерге конкурсқа қатысу кезінде бетпе-бет ұшырасып қаламыз. Осы тендерге биыл үшінші жыл қатысып отырмыз. Үш жыл қатарынан осындай кедергілерге тап боламыз. Мәселенің мәнісін басынан бастап түсіндірейін. Мен төрағалық ететін Түркістан облысы бойынша «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігі (БСН 170540002760) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындау мақсатында тендерге қатысып, осы 2021 жылы «Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялаған конкурста жеңімпаз атанған болатын. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша ұйымдастырылған конкурстың нөмірі - 5414758-ГСЗ1. Үш лот бойынша – 41228651-ГСЗ1; 41228896-ГСЗ1; 41179748-ГСЗ1. Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ташева Тамара Аханқызымен енді келісімшартқа отырайын деген кезде «Бәйтерек» Жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі (БСН 040340006175) мемлекеттік сатып алу нәтижесімен келіспейтіндіктерін айтып, Түркістан облыстық Ішкі аудит департаментіне арыз түсірген. Сонымен, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі әлеуеттік өнім берушілердің ұпай саны дұрыс есептелмеген деп шағымданған. Яғни мемлекеттік сатып алу туралы қағиданың 233-ші қағидасы дұрыс орындалмаған деп өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізіпті. Одан кейін осы конкурсқа қатысып отырған қоғамдық бірлестіктердің құжаттары дұрыс ұсынылмаған, құрылтай құжаттары жоқ, техникалық талаптарға сай емес және т.б. деп, сыныққа сылтау іздеген. Сөйтіп, конкурсқа қатысып отырған «Мақтаарал ауданы зағиптар және мүгедектер қоғамы» ҚБ, «Ұлы дала Елі» ҚБ, «Ұлы дала ауылдары» ҚБ-теріне « 1 ұпай орнына 0 ұпай берулеріңізді сұраймыз» - деп аспандағы айды сұрап отырған көрінеді. Сонда олар кімдер сонша біздердің атқарып жатқан еңбектерімізді жоққа шығарып, «бесіктен белі шықпай жатып» бізге баға беретіндей? Өздері Шымкентті жарылқап алмай тұрып, Мақтаарал ауданына келіп, ауылдағы ағайынның көсегесін көгертеміз деп ойлай ма екен? Мақтааралды су басқанда осы «Бәйтеректің» жастары қайда қалды? Осы жердің туып-өскен азаматтары, Мақтааралдың жанашырлары – азаматтық қоғам белсенділері жүгірген жоқпыз ба елдің қамын ойлап? Солардың қатарында «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігі де алдыңғы қатарда елмен бірге жүрдік, сол қиындықтарды да елмен бірге еңсердік. Сондықтан, назарларыңызға сала кетейін, Шымкент қаласында тіркелген «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің алыстағы ауылдарды жарылқай қояды дегенге күмәнім бар. Мемлекеттік сатып алу саласының жігіттерінің ауыздарын «майлап» қойған ба деймін, неге екенін қайдам, Оспан Ажибеков пен оның қарамағындағы Азамат есімді жігіт екеуі осы «Бәйтеректі» жақтап, солардың сөзін сөйлеп отырған сияқты. Тендерден ұтып, жеңімпаз атанған «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігі құжаттарының барлығын дұрыс тапсырғанына қарамастан конкурстан шеттетіліп отыр. Мен де «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде құжаттарымыз түгел, мемлекеттік сатып алу туралы қағиданың барлық талаптарына сай деп толығымен айта аламын. Ескертуіне де (Примечание) қарау керек еді ғой. Сол ескертуінде көрсетілген құжаттардың барлығы ұсынылған. Өйткені үш жыл қатарынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды алып, оларды аудан бойынша мүлтіксіз орындап келеміз. Неге екені белгісіз, жылда тендер өткен сайын осындай жолдан жолыққан аяқтан шалушыларға кездесіп, кедергілерге ұшыраймыз да жүреміз. Сөйтіп, жыл сайын «обжалование» жасап, оған «отмена» бергізіп, қызметімізді тоқтатып қойып, одан кейін қайта конкурс жариялап, оған тағы қатысып,.. әйтеуір әбігерге түсіп жатамыз. Жыл соңына дейін осылай әлек болып жүреміз конкурстарға бірнеше мәрте қатысып. Сонымен, Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева ханым маған телефон шалып, «Онласын аға, сіз жеңімпаз болдыңыз, келісімшарт түзу керек, келіңіз» - деді. Мен қатты қуанған едім. Алайда, жеңімпаз атанып, енді келісімшартқа отырып, жұмысты бастауыма санаулы уақыттар қалғанда «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі департаментке шағым арыз түсіріпті деген хабар келді. Бұл жайсыз хабар маған төбемнен жай түсіргендей әсер етті. Қуанышым су сепкендей басылып қалды. Тура өткен жылғыдай оқиға тағы қайталанып тұр. Айта кетейін, өткен 2020 жылы да дәл осындай болған. Онда «Алтын уақыт» деген қоғамдық бірлестік осы департаментке шағым арыз түсіріп, қайтадан тендер өткізіліп, жылдың соңында, нақтырақ айтқанда, қазан айының 15-інші күнінде жеңімпаз атанып, жұмысты бастап кеттік. Небәрі бір жарым айдың ішінде бір жылдық жоспарды орындауымызға тура келді. Уақыт тығыз. Жылдың соңы. Есеп берулер басталған кезең. Небір қарбалас пен жанталасқа толы күндер бастан өтті. Оны кім түсініп жатыр? Желтоқсанның 14-15-і күндерінде Мақтаарал ішкі саясат бөліміне есеп беріп, «Ух!» деп бірақ демалған болатынбыз. Енді жылда тендерге қатысушылар үшін осындай кедергілер қайталана берсе, шашымыз шақ келе ме? Осындай кедергілердің алдын алып, мемлекеттік сатып алудың жұмысын үйлестіретін, реттейтін бірден бір мекеме - ішкі мемлекеттік аудит емес пе? Оның ішінде осы мемлекеттік сатып алу бойынша камеральдық бақылау бөлімі ғой. Ал камеральдық бақылаудың мақсаты да осындай кедергілердің уақытылы алдын алу мен бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықты дербес жою құқығын беру болып табылады. Ал мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуы мен жемқорлардың несібесіне айналып кетпеуін Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қадағалауы керек. Оның үстінен тікелей Қаржы министрлігі бақылайды. Ал біздің Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу саласының камеральдық бақылау бөлімінің басшысы Ажибеков Оспан Даниярұлы не істеп отыр? Ол тендерді әділ өткізбей отыр. Неге десеңіз, мен биыл Жетісай, Мақтаарал, Түлкібас, Отырар, Шардара, Арыс ауданы мен Кентау қаласының ішкі саясат бөлімдері ұйымдастырған конкурсқа қатысқан едім, онда да ешқандай себепсізден себепсіз отмена болып, оған конкурс қайтадан жарияланып, тағы қайтадан қатысып, бағымды сынап жатырмын. Бекерге уақыт өтіп жатыр. Не үшін отмена берілгені туралы да біздерді ешкім хабардар етпеген, ешқандай хат-хабарлама да алмадық ол туралы. Енді міне, биыл Мақтааралды да тура осылай істеп отыр. Оған да кінәлі осы Ажибеков Оспан! Өйткені, Ажибеков Оспан деген өзін осы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік сатып алудың қожайыны сияқты сезінеді екен. Егер қажет болса, жұмысты тоқтатып қоя салады, немесе отмена бергізе салады, қажет болса, шағым арызды қанағаттандырудан бас тарта салады, егер отмена бергізбесе, айыппұл саламын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруші мекемелердің басшыларын қорқытады екен. Оның бұл әрекеті негізсіз әрі заңға қайшы деп санаймын! Осы Ажибековтен басқа біздің өңірде мемлекеттік сатып алу саласын басқаратын адам құрып қалып па? Жіберсеңіздерші жібі түзулеу біреуін. Қазақстанда өз ісінің білгір мамандары, әділ де қарапайым, мемлекеттік қызметті жақсы білетін жастар толып жатыр ғой. Ал енді Түркістан облыстық ішкі мемлекеттік аудиттің мемлекеттік сатып алу саласының камеральдық бақылау бөлімінің басшысы Ажибеков Оспанның тірлігі оспадарлау болды. Тіпті адами құндылықтар тұрғысынан алып қарағанның өзінде өздерінің қызметтік бабын пайдалана отырып, жеңіп тұрған жеңімпазды аяқтан шалғандары дұрыс болмады. Сол себепті, қай жерден қателік жібердім, қай жерден кемшіліктер кетті, жеңімпаз болып тұрып не себепті жеңілдік, «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің құжаттары түгел ғой, барлық мемлекеттік сатып алу қағидаттарының талаптарына сай еді ғой деген оймен мен 05.04.2021 ж. осы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментіне келіп, тікелей Ажибековтың өзіне кірдім. «Жеңімпаз болған қоғамдық бірлестіктің жұмысын не себепті тоқтатып қойып, шағым арыз түсірушілерді қолдап отырсыңдар?» - деп сұрақты төтесінен қойдым. Бірақ Оспан Ажибеков қарамағындағы Сержан деген балаға тапсырып, өзі сыртқа шығып кетті. Біз отырмыз оны күтіп өзі түсіндіріп айтып береді екен деп. Сөйтсек, Сержан есімді жас маманның айтуынша, «Сіздердің тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибелеріңіз 2 жылдан астам және 5 жылға дейінгі мерзімде болуы керек екен. Оған сіздерге 2 балл қойылған, ол дұрыс емес, оның орнына 1 балл қойылуы керек еді» - деп жауап берді. «Неге? – дедім мен. – Менің тендерге қатысып, бұл салада жұмыс істегеніме үшінші жылға кетіп барады. Құжаттарым дұрыс, бәрін толық тапсырғанмын, жұмыс тәжірибем де жеткілікті. Ескертуінде (примечаниесінде) көрсетілген талаптардың бәрі орындалған. Сендер тендерге қатысатын адамдардың тағдырын ойыншыққа айналдырмаңдар! Тезірек шешіңдер мәселені. Бұл не осымен үшінші рет жұмысыма кедергі келтіріп отырсыңдар? Мәселені тез арада шешпесеңдер, мен жоғары жаққа шағымданамын!» - деп қатты ашуландым. Қалай ашуланбайсың? Мемлекеттік сатып алу саласында миллиардтап тендерлер ойнатылып жатыр... Ал енді бұл мемлекеттік сатып алу бөліміндегілер өздері әдейі ұйымдастырып, түкке тұрмайтын 2-3 миллионға бола мардымсыз кемшіліктерге кенедей қадалып, бүкіл қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын тоқтатып қойып отыр! Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің тарапынан бұл дұрыс емес және негізсіз! Мен бұл әділетсіздік туралы жоғары жаққа жазамын! Әжібековтың өзі де ештеңе түсіндіре алмады, біз де одан мардымды жауап алып жарытпадық. Министрге барамын, әрі жоғарыға жазамын деп айтқан соң аяқ тартқан шығар. Біле білсеңіздер, бұлар деген ештеңеден тайынбайтын, Құдайдан қорықпайтын, дүниенің діңгегін ұстап тұрғандай, мемлекеттік сатып алу мекемесіндегі жылы орынға жайғасып алып, заңды белшесінен басып, тендерге қатысушылардың тағдырымен ойнап отырады. Сонымен, кабинетке бір кіріп, бір шығып жүрген Ажибеков Оспан да келіп, «Көке, 07.04.2021 күні келіңіз, шағым арызды қарау мерзімі сол күні бітеді, мен сізге жауабын сол күні айтамын», - деп шығарып салды. Содан 7 сәуір күні қорытындысын білуге барсақ, Ажибеков Оспанның өзі де жоқ, маманы Азаматы да жоқ. Жиналысқа кеткен дейді. Астында біраз күттік, келмеді. Түскі үзіліске кетті ма, жоқ әлде қорқып артқы есіктен қашып кетті ма, әйтеуір жоқ болды ғой. Оның орнына Сержан деген жас бала келіп, бізге Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімі «отмена» берді деп хабарлады. Қағаздарын әкеп берді, бірақ база істемей тұр деді. «Бастығыңды күтемін, шақыр қай үлкен бастыққа жиналысқа кіріп кетті?» - деп сұрадым. Сағат күндізгі 11-жарымнан 1-ге дейін күттік, келмеді. Не Ажибековтың өзі жоқ, не оның қарамағындағы оң қолы Азаматы да жоқ. Сонымен ауданға қайттық. Қайтып келген соң базаға кіріп қарасақ, облыстағы ішкі мемлекеттік аудит «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің түсірген шағымын қанағаттандырусыз қалдырыпты үш лот бойынша. (Отказ в удовлетворении обжалования) деп орысша жазылған. Сосын мен дереу ішкі саясат бөліміне хабарластым Мақтааралға. «Бұл қалай болды? «Бәйтеректің» арызын ішкі аудит қанағаттанырусыз қалдырған екен ғой. Неге сендер отмена жасайсыңдар? Олай етпеулерің керек еді ғой!» – десем, Мақтааралдың ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева: «Біздің бөлімнің бас маманы Ерболат Әбеновты Оспан Ажибеков шақырып алып, отмена бермесеңдер болмайды, әйтпесе 700 мың теңге айыппұл төлейсіңдер» – депті. - Конкурсты қайта жариялаймыз, басқа амал жоқ». Сонда бұл тышқан мен мысықтың ойынындай болып тұр ғой. Сонымен, Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу саласының камеральдық бөлімінің басшысы Оспан Ажибеков өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, жеңімпаз атанған «Ұлы дала ауылдары» ҚБ жұмысын тоқтатып қойып, теріске шығарып, Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысына телефон соғып, егер конкурсты отмена жасамасаңдар, мойындарыңа 700 мың теңге айыппұл саламыз деп мәжбүрлеген екен. Яғни қорқытқан. Ал, негізінде шағым арыз қанағаттандырылмаған жағдайда ұтып тұрған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып қала береді де, тапсырушы жақ ешқандай да айыппұл төлемейді. Ешқандай да отмена берілмеуі тиіс еді. Енді бұл жерде, ішкі мемлекеттік аудиттің бөлім басшысы Оспан Ажибеков ішкі саясат бөлімі басшысын конкурсты отмена жасатуға мәжбүрлегені айдан анық жағдай. Ажибековтың ойынша Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы кінәлі болып қалады да, Ажибеков өзі «сүттен ақ, судан таза» болып құтылып кетпек қой. Міне, көрдіңіздер ме, ол жағын да ойлап қойған бұл пысықай. «Айран жалаған құтылып, шелек жалаған тұтыладының» нағыз өзі болайын деп тұр. Бұл Ажибеков дегенің мемлекеттік сатып алу саласын жетік меңгерген, шахмат тақтасында ойнағандай, тендерге қатысушылардың тағдырымен де солай шебер ойнайды. Бір ғана Мақтаарал ауданын емес, талай ауданның ішкі саясат бөлімдерінің басшыларын зар илетіп, осылай тығырыққа тіреген шығар. Оны бір Алла біледі қаншасын қинағанын. Ажибеков Оспан өзінің жұмысын нақты білмей ме, әлде жұмысына жауапсыздық таныта ма, әйтеуір мемлекет мүддесін ойлайтын, мемлекетке шын жаны ашитын адамға еш ұқсамайды. Себебі өзі басқарып отырған бөлімнің жұмысын дұрыстап үйлестіре алмайды. Алдына адам келіп отыр-ау демейді, дұрыс қабылдамайды, сөзіңді жүре тыңдайды, шошаңдап қайта-қайта телефонына жабысып, кабинеттен шығып кете береді. Өте тәкаппар. Ал қазірден бастап тәкаппар болса, Құдай біледі ертең қандай болып кетерін. Тәкаппарлық жақсы қасиет емес. Қазақта «мойнына жал біткен» дей ме? Сонысына қарағанда мемлекеттік қызметшінің этикасын да сақтамай ма деп қалдым. Бұл әрекеттері сырт көзге тым оғаш көрінеді екен. Білдей бір бөлімді басқаратын салиқалы да сабырлы басшы сияқты емес, мектеп оқушысына ұқсап кетті. Тіпті мектеп оқушысы да өйтпейді ғой, үлкен адамды құрметтейді, сөзіне құлақ асады, ұстаздарын сыйлай біледі. Адам танитыным рас болса, мынау Ажибеков Оспан деген азаматты мен бір көргеннен-ақ танып қойдым. Ол менің ешкімім де емес, бұрыннан араласқан танысым да емес, жақыным да емес. Керек десең танымаймын да! Бірақ қандай адам екенін жүріс-тұрысынан, мінезінен-ақ байқауға болады, қандай басшы екенін іс-әрекетінен-ақ аңғару болады. Осы Оспан Ажибековтың өзі шымкенттік «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігін қолдап, соларға көмектесіп отыр ма деген күдікті ойлар да туындап отыр менде. Осы орайда Абай атамыздың «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын?» деген нақыл сөзі еске түсіп отыр. Ұлы Абай айтқандай, адам деген атқа лайық болу керек қой қашанда. Үкімет сеніп сені осындай жауапты қызметке қойды ма, сеніп тапсырды ма, адал істе, әділ істе, қарапайым бол, жауапкершілікті сезіне біл! Мен «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігін Ұлы дала елінің ауылдарын дамыту, көркейту мен гүлдендіру мақсатында құрған болатынмын. Бар береке-бірліктің бастауы ауылда емес пе? Бәріміз де ауылда туып-өстік, ауылдан шықтық. Ауылдарды ауылдан шыққан, ауылда туып-өскен біздер дамытпағанда енді кімдер дамытады? «Туған жерге туыңды тік, елге тағзым ет!» деп Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бекер айтпайды. Ендеше, ауылды дамытам дегендерге ешқандай кедергі келтірмеу керек. Тағы бір айта кететін жаңалығым бар. Мен осы 2021 жылдың қаңтар айының басында Нұр-Сұлтан қаласына барып, ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қабылдауында болып қайттым. Министр Аида Балаеваға мен Мақтаарал ауданындағы үкіметтік емес ұйымдардың тендерге бөлініп жатқан қаржылары мардымсыз екендігін, бір жылға 1 млн 900 мың немесе 2 млн 300 мың теңгелері түкке жұғын болмайтынын айтып үлкен мәселе көтерген болатынмын. Себебі биыл Тәуелсіздік алғанымызға – 30 жыл толып отыр. Осыған орай іс-шараларды көптеп өткізуіміз керек қой. Сол үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға ҮЕҰ-дарға қаржыны да аямай бөлу керек! Содан кейін осы Мақтаарал ауданына 2021 жылға 7 млн теңге бөлінген. Әне, сөйтіп осынша 7 млн теңге қаржыны министрге арнайы барып Мақтаарал ауданына бөлдіртіп келіп отырған осы «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігін жеңімпаз болып тұрған жерінен ұтылдырып, аяқтан шалып, шеттетіп отыр. Бұл енді таза адамгершілікке жатпайды. Негізі, ұзынқұлақтан естуімізше, бұл қызметке Оспан Ажибеков көке-жәкелерінің арқасында келген ерке бала көрінеді. Кезінде Шымкент қаласында Батырбек Көшербайдың қарамағында жұмыс істеп жүріп, заң бұзушылықтар жасап көзге түсіп, қудаланған деседі жұрт. Не үшін кеткенін білмейміз ғой, оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Сөйтіп, Астанаға кетіп тынған екен. Ондай адам Астанада Комитетте қалай жұмыс істеген, соған таңым бар. Комитеттегілер мұны қолдап, сөзін сөйлеп, Оспанның жіберген кемшіліктеріне көздерін жұма қарайды екен деген әңгімелердің де шет жағасын естіп жатырмыз. Сондықтан да болар мүмкін, дүниенің діңгегін ұстағандай болып жұртты менсінбей жүретіні. Қанша дегенмен, «Госзакупканың басшысы» ғой! Дәурені жүріп тұр ғой! Түркістан облысы бойынша мемлекеттік сатып алулар саласында орын алып отырған бұл келеңсіздіктердің барлығының түпкі себебі, жауапкершіліктің жоқтығы, қабылданған шешімге ешкімнің жауап бермейтіндігі. Сондықтан, мемлекет мүддесін емес, жеке бастарын көбірек ойлайтын мұндай қызметшілерден ертерек құтылғандарыңыз өздеріңізге де жақсы, тендердің әділ өткені бізге де жақсы! Құрметті Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы! Құрметті ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Берік Төлеутайұлы! Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу саласы бойынша камеральдық бақылау бөлімінің басшысы Оспан Ажибековты қызмет барысында жіберген заң бұзушылықтарын анықтап, қызметтік тексеру жүргізулеріңізді және жұмыстан босатуларыңызды сұраймын. Және өткізілген № 5414758-1 конкурсты қаншалықты әділ өткенін егжей-тегжейлі тексерулеріңізді сұраймын. Себебі, Оспан Ажибеков осы мемлекеттік сатып алу саласының тізгінін ұстап тұрғанда, Оңтүстікте тендердегі шикіліктер белең алып, одан сайын ушыға түсе ме деп алаңдаймыз. Әйтпесе, «отқа салса, жанбай, суға салса, батпай», Ажибеков мырза бұл қызметте қашанғы желе жортып жүре бермек??! Егер сіздер Оспан Ажибековке шара қолданбасаңыздар, мен тікелей Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа хабарлама беруге мәжбүрмін. Мамыр айында Президенттің қабылдауына жазылып қойғанмын. Сөз соңында сіздерге қояр бір-екі сауалдарым бар, осыған жауап беріңіздерші. 1. Шағым арыз қанағаттандырылмаған жағдайда ұтып тұрған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып қала бере ме, жоқ конкурстан шеттетіле ме? 2. Шағым арыз қанағаттандырылмаған жағдайда әлеуметтік тапсырыс беруші жақ егер конкурсты дер кезінде тоқтатпаса, яғни отмена бермесе, айыппұл төлей ма, төлемей ма? 3. Жалпы мұндай жағдайда өзі конкурсты қай тарап тоқтата алады, яғни кім отмена бере алады: әлеуметтік тапсырыс беруші жақ па, әлде ішкі мемлекеттік аудит па? 4. Ішкі мемлекеттік аудит қандай жағдайда айыппұл сала алады? 5. Дәл қазіргі біздің жағдайымызда Түркістан облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камеральдық бақылау бөлімінің басшысы Оспан Ажибековтың Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөліміне отмена бермесеңдер, 700 мың теңге айыппұл саламыз дегені дұрыс па? Қалай ойлайсыздар? Менің осы сұрақтарыма жауап беріңіздерші. 6. Тағы бір өтінішім бар: Мен осы алдағы мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауына барғалы жатырмын. Былтыр алдын ала жазылып кеткенмін. Енді сіздердің қабылдауларыңызға кіруім керек болып тұр. Осы Оңтүстікте болып жатқан тендердегі былық-шылықтар жайлы айтарым көп сіздерге. Сондықтан мені жеке қабылдауларыңызды өтінемін. Құрметпен және өтінішпен; Онласын Назаров, Түркістан облысы «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. ...

Толығырақ
Казарцева Раиса

Компания, являясь недропользователем по контракту на разведку углеводородного сырья, реализует добытую тестовую нефть (переработанную до состояния товарной нефти). По условиям контракта с покупателем, товарная нефть доставляется до пункта приема покупателем, за счет продавца. Услуги по подготовке, хранению и транспортировке товарной нефти оказаны подрядчиком. При сдаче ф. 150.03 доход от реализации нефти отражается Компанией в статье "Доходы, полученные от реализации полезных ископаемых, до момента начала добычи после коммерческого обнаружения" в полном объёме. Вопрос: должны ли расходы по подготовке, хранению и транспортировке реализованной тестовой нефти отражаться в ф. 150.03 и по какой статье расходов? ...

Толығырақ
Беспалько Константин
  • Жайымбетов М.Ж.
  • 13.04.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
  • 149
  • № 679093

Добрый день. 08 апреля 2021 года мною получен Аттеста эксперта по экспертизе Экспертиза градостроительной, предпроектной и проектно-сметной документации (конструктивная часть) KZ13VJE00064274, до настоящего момента данные полученного аттестата не отображаются в системе eQurylys, 09.04.2021г. уже обращался в Телеграмм чат о данной проблеме, но так и не был получен ответ когда данные полученного аттестата отобразятся в системе, 13.04 в 09ч.25мин. повторно была данная проблема озвучена в Телеграмм чате eQurylys, ответ так и не получен. В течение какого времени с момента получения аттестата эксперта отображаются в системе eQurylys, почему данная процедура не автоматизирована и не синхронизирована с elicense.kz? Фирма теряет заработок, ввиду того, что требования наличия эксперта заложены в технических спецификациях к тендерам, а мы не можем произвести прикрепление к фирме из-за того, что данные аттестата в системе отсутствует. Также затем идет расхождение между реестрами экспертных организаций, осуществляющих работы по техническому обследованию, размещенными на сайте Комитета и в системе eQurylys ввиду того, что обновления проводятся с опозданием! Большинство уполномоченных органов до сих пор смотрят Реестры, которые размещены на сайте Комитета , когда будет единая система? ...

Толығырақ
Бердашева Эльвира
  • Шәпкенов С.Ж.
  • 13.04.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Әлеуметтік қамсыздандыру ·
  • 84
  • № 679092

Здравствуйте уважаемый Шапкенов С. Ж! Я Бердашева Э. М. мать одиночка с тремя детьми в 2012 году встала на очередь на квартиру как не полная семья. Вот уже 20 лет я скитаюсь по квартирам в ожидании помощи от государства в 2011 году еще стала на очередь на землю и никаких продвижений. В связи с карантинами я осталась в трудном положении 2020 году осталась без работы оплачивать квартиру очень тяжело еще сын студент на платном отделении дочке пришлось бросить учебу так как платить нечем встала на работу помогает кредит платить. Ипотеку тоже не могу взять помогите мне пожалуйста почему наша очередь не двигается почему я не могу получить квартиру по очереди от государства как положено, а не идти в банк по "Бакытты отбасы" и попадать на ипотеку, я бьюсь бьюсь уже сколько лет почему государство не помогает именно таким нуждающим ? Как я могу получить квартиру для своих детей о себе я уже не думаю? когда у нас будут выдавать квартиры по очереди а не в банке по "Бакытты отбасы" помогите мне получит квартиру по очереди!!! ...

Толығырақ
ИСМАНКУЛОВА АЛИМА
  • Коняшкин Р. А.
  • 13.04.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Шағын және орта кәсіпкерлік ·
  • 124
  • № 679091

Добрый день. 25.07.2019 г. и 28.10.2019 г. были поданы Уведомления и документы по смене паспорта учредителя и директора ТОО Fresco (Фреско) БИН 150740022947 в одном лице ИСМАНКУЛОВОЙ АЛИМЫ АЛМАЗБЕКОВНЫ ИИН 841225000276 в НАО Правительство для граждан на ул. Толе би 155- уг.ул.Байзакова. Выяснилось что нет возможности внести паспортные изменения т.к. в ГБД ФЛ выходят старые паспортные данные. В миграционной полиции ИСМАНКУЛОВА АЛИМА АЛМАЗБЕКОВНА была зарегистрирована по новому паспорту 9.09.2019 г. до 23.01.2020 г. Как можно обновить данные в ГБД ФЛ что бы выходили новые паспортные данные? Посмотреть вопрос: http://www.almaty.adilet.gov.kz/ru/node/242181 Уважаемый (ая) ИСМАНКУЛОВА АЛИМА АЛМАЗБЕКОВНА! Вопрос №21286 Статус: не отвеченный Дата исполнения: 25.09.2019. Срок исполнения: 3 рабочих дней. Исполнитель: Нүкежанова Айнұр Қанатбековна - инспектор отдела по праворазъяснительной работе и оказанию юридических услуг населению, 8727291-83-87 ...

Толығырақ
Муканова Мадина
  • Мусин Б.Б.
  • 13.04.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 103
  • № 679090

Добрый день. 05.04.2021г. мною посредством egov подано заявление на выдачу технического паспорта. При этом время прибытия специалиста нигде не отражается. 06.04.2021г. до обеда позвонила специалист, спросила: где Вы находитесь? Я находилась на работе, мой супруг тоже. Она сказала, что не может ждать когда кто то приедет и предоставит доступ в квартиру, подавайте повторно заявление. 08.04.2021г. пришел отказ в приеме: отсутствие доступа к объекту. 09.04.2021г. я подала повторно заявление. Звонков не было вообще и 13.04.2021г. пришел отказ: отсутствие доступа к объекту. Вопрос: сколько раз необходимо подать заявку что бы специалист назначила точное время доступа к объекту? Или мне необходимо взять отпуск и сидеть ждать дома? ...

Толығырақ
НАЗАРОВ ОНЛАСЫН

Кенжебекұлы Жамаубаевқа; ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Берік Төлеутайұлы Нәжімиденовке Түркістан облысы «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Онласын Назаровтан БСН 170540002760 Мақтаарал ауданы, Ж.Нұрлыбаев ауыл округі Мырзатөбе елді мекені, Бәйтерек көшесі, №4 үй Байланыс телефонымыз: 8-775-251-46-34 Менің сіздерге шағымданып хат жазуымның бірден бір себебі, ол – Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу саласының камеральдық бақылау бөлімі басшысы Ажибеков Оспан Даниярұлының жұмысына көңіліміз толмайды. Себебі, біздер, яғни мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаушылар, атап айтсақ, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер осы аталған ішкі аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу саласының қызметкерлерімен жыл сайын тендерге конкурсқа қатысу кезінде бетпе-бет ұшырасып қаламыз. Осы тендерге биыл үшінші жыл қатысып отырмыз. Үш жыл қатарынан осындай кедергілерге тап боламыз. Мәселенің мәнісін басынан бастап түсіндірейін. Мен төрағалық ететін Түркістан облысы бойынша «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігі (БСН 170540002760) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орындау мақсатында тендерге қатысып, осы 2021 жылы «Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялаған конкурста жеңімпаз атанған болатын. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша ұйымдастырылған конкурстың нөмірі - 5414758-ГСЗ1. Үш лот бойынша – 41228651-ГСЗ1; 41228896-ГСЗ1; 41179748-ГСЗ1. Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ташева Тамара Аханқызымен енді келісімшартқа отырайын деген кезде «Бәйтерек» Жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі (БСН 040340006175) мемлекеттік сатып алу нәтижесімен келіспейтіндіктерін айтып, Түркістан облыстық Ішкі аудит департаментіне арыз түсірген. Сонымен, «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі әлеуеттік өнім берушілердің ұпай саны дұрыс есептелмеген деп шағымданған. Яғни мемлекеттік сатып алу туралы қағиданың 233-ші қағидасы дұрыс орындалмаған деп өз беттерінше зерттеу жұмыстарын жүргізіпті. Одан кейін осы конкурсқа қатысып отырған қоғамдық бірлестіктердің құжаттары дұрыс ұсынылмаған, құрылтай құжаттары жоқ, техникалық талаптарға сай емес және т.б. деп, сыныққа сылтау іздеген. Сөйтіп, конкурсқа қатысып отырған «Мақтаарал ауданы зағиптар және мүгедектер қоғамы» ҚБ, «Ұлы дала Елі» ҚБ, «Ұлы дала ауылдары» ҚБ-теріне « 1 ұпай орнына 0 ұпай берулеріңізді сұраймыз» - деп аспандағы айды сұрап отырған көрінеді. Сонда олар кімдер сонша біздердің атқарып жатқан еңбектерімізді жоққа шығарып, «бесіктен белі шықпай жатып» бізге баға беретіндей? Өздері Шымкентті жарылқап алмай тұрып, Мақтаарал ауданына келіп, ауылдағы ағайынның көсегесін көгертеміз деп ойлай ма екен? Мақтааралды су басқанда осы «Бәйтеректің» жастары қайда қалды? Осы жердің туып-өскен азаматтары, Мақтааралдың жанашырлары – азаматтық қоғам белсенділері жүгірген жоқпыз ба елдің қамын ойлап? Солардың қатарында «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігі де алдыңғы қатарда елмен бірге жүрдік, сол қиындықтарды да елмен бірге еңсердік. Сондықтан, назарларыңызға сала кетейін, Шымкент қаласында тіркелген «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің алыстағы ауылдарды жарылқай қояды дегенге күмәнім бар. Мемлекеттік сатып алу саласының жігіттерінің ауыздарын «майлап» қойған ба деймін, неге екенін қайдам, Оспан Ажибеков пен оның қарамағындағы Азамат есімді жігіт екеуі осы «Бәйтеректі» жақтап, солардың сөзін сөйлеп отырған сияқты. Тендерден ұтып, жеңімпаз атанған «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігі құжаттарының барлығын дұрыс тапсырғанына қарамастан конкурстан шеттетіліп отыр. Мен де «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы ретінде құжаттарымыз түгел, мемлекеттік сатып алу туралы қағиданың барлық талаптарына сай деп толығымен айта аламын. Ескертуіне де (Примечание) қарау керек еді ғой. Сол ескертуінде көрсетілген құжаттардың барлығы ұсынылған. Өйткені үш жыл қатарынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды алып, оларды аудан бойынша мүлтіксіз орындап келеміз. Неге екені белгісіз, жылда тендер өткен сайын осындай жолдан жолыққан аяқтан шалушыларға кездесіп, кедергілерге ұшыраймыз да жүреміз. Сөйтіп, жыл сайын «обжалование» жасап, оған «отмена» бергізіп, қызметімізді тоқтатып қойып, одан кейін қайта конкурс жариялап, оған тағы қатысып,.. әйтеуір әбігерге түсіп жатамыз. Жыл соңына дейін осылай әлек болып жүреміз конкурстарға бірнеше мәрте қатысып. Сонымен, Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева ханым маған телефон шалып, «Онласын аға, сіз жеңімпаз болдыңыз, келісімшарт түзу керек, келіңіз» - деді. Мен қатты қуанған едім. Алайда, жеңімпаз атанып, енді келісімшартқа отырып, жұмысты бастауыма санаулы уақыттар қалғанда «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі департаментке шағым арыз түсіріпті деген хабар келді. Бұл жайсыз хабар маған төбемнен жай түсіргендей әсер етті. Қуанышым су сепкендей басылып қалды. Тура өткен жылғыдай оқиға тағы қайталанып тұр. Айта кетейін, өткен 2020 жылы да дәл осындай болған. Онда «Алтын уақыт» деген қоғамдық бірлестік осы департаментке шағым арыз түсіріп, қайтадан тендер өткізіліп, жылдың соңында, нақтырақ айтқанда, қазан айының 15-інші күнінде жеңімпаз атанып, жұмысты бастап кеттік. Небәрі бір жарым айдың ішінде бір жылдық жоспарды орындауымызға тура келді. Уақыт тығыз. Жылдың соңы. Есеп берулер басталған кезең. Небір қарбалас пен жанталасқа толы күндер бастан өтті. Оны кім түсініп жатыр? Желтоқсанның 14-15-і күндерінде Мақтаарал ішкі саясат бөліміне есеп беріп, «Ух!» деп бірақ демалған болатынбыз. Енді жылда тендерге қатысушылар үшін осындай кедергілер қайталана берсе, шашымыз шақ келе ме? Осындай кедергілердің алдын алып, мемлекеттік сатып алудың жұмысын үйлестіретін, реттейтін бірден бір мекеме - ішкі мемлекеттік аудит емес пе? Оның ішінде осы мемлекеттік сатып алу бойынша камеральдық бақылау бөлімі ғой. Ал камеральдық бақылаудың мақсаты да осындай кедергілердің уақытылы алдын алу мен бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықты дербес жою құқығын беру болып табылады. Ал мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуы мен жемқорлардың несібесіне айналып кетпеуін Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қадағалауы керек. Оның үстінен тікелей Қаржы министрлігі бақылайды. Ал біздің Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу саласының камеральдық бақылау бөлімінің басшысы Ажибеков Оспан Даниярұлы не істеп отыр? Ол тендерді әділ өткізбей отыр. Неге десеңіз, мен биыл Жетісай, Мақтаарал, Түлкібас, Отырар, Шардара, Арыс ауданы мен Кентау қаласының ішкі саясат бөлімдері ұйымдастырған конкурсқа қатысқан едім, онда да ешқандай себепсізден себепсіз отмена болып, оған конкурс қайтадан жарияланып, тағы қайтадан қатысып, бағымды сынап жатырмын. Бекерге уақыт өтіп жатыр. Не үшін отмена берілгені туралы да біздерді ешкім хабардар етпеген, ешқандай хат-хабарлама да алмадық ол туралы. Енді міне, биыл Мақтааралды да тура осылай істеп отыр. Оған да кінәлі осы Ажибеков Оспан! Өйткені, Ажибеков Оспан деген өзін осы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік сатып алудың қожайыны сияқты сезінеді екен. Егер қажет болса, жұмысты тоқтатып қоя салады, немесе отмена бергізе салады, қажет болса, шағым арызды қанағаттандырудан бас тарта салады, егер отмена бергізбесе, айыппұл саламын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беруші мекемелердің басшыларын қорқытады екен. Оның бұл әрекеті негізсіз әрі заңға қайшы деп санаймын! Осы Ажибековтен басқа біздің өңірде мемлекеттік сатып алу саласын басқаратын адам құрып қалып па? Жіберсеңіздерші жібі түзулеу біреуін. Қазақстанда өз ісінің білгір мамандары, әділ де қарапайым, мемлекеттік қызметті жақсы білетін жастар толып жатыр ғой. Ал енді Түркістан облыстық ішкі мемлекеттік аудиттің мемлекеттік сатып алу саласының камеральдық бақылау бөлімінің басшысы Ажибеков Оспанның тірлігі оспадарлау болды. Тіпті адами құндылықтар тұрғысынан алып қарағанның өзінде өздерінің қызметтік бабын пайдалана отырып, жеңіп тұрған жеңімпазды аяқтан шалғандары дұрыс болмады. Сол себепті, қай жерден қателік жібердім, қай жерден кемшіліктер кетті, жеңімпаз болып тұрып не себепті жеңілдік, «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің құжаттары түгел ғой, барлық мемлекеттік сатып алу қағидаттарының талаптарына сай еді ғой деген оймен мен 05.04.2021 ж. осы облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментіне келіп, тікелей Ажибековтың өзіне кірдім. «Жеңімпаз болған қоғамдық бірлестіктің жұмысын не себепті тоқтатып қойып, шағым арыз түсірушілерді қолдап отырсыңдар?» - деп сұрақты төтесінен қойдым. Бірақ Оспан Ажибеков қарамағындағы Сержан деген балаға тапсырып, өзі сыртқа шығып кетті. Біз отырмыз оны күтіп өзі түсіндіріп айтып береді екен деп. Сөйтсек, Сержан есімді жас маманның айтуынша, «Сіздердің тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибелеріңіз 2 жылдан астам және 5 жылға дейінгі мерзімде болуы керек екен. Оған сіздерге 2 балл қойылған, ол дұрыс емес, оның орнына 1 балл қойылуы керек еді» - деп жауап берді. «Неге? – дедім мен. – Менің тендерге қатысып, бұл салада жұмыс істегеніме үшінші жылға кетіп барады. Құжаттарым дұрыс, бәрін толық тапсырғанмын, жұмыс тәжірибем де жеткілікті. Ескертуінде (примечаниесінде) көрсетілген талаптардың бәрі орындалған. Сендер тендерге қатысатын адамдардың тағдырын ойыншыққа айналдырмаңдар! Тезірек шешіңдер мәселені. Бұл не осымен үшінші рет жұмысыма кедергі келтіріп отырсыңдар? Мәселені тез арада шешпесеңдер, мен жоғары жаққа шағымданамын!» - деп қатты ашуландым. Қалай ашуланбайсың? Мемлекеттік сатып алу саласында миллиардтап тендерлер ойнатылып жатыр... Ал енді бұл мемлекеттік сатып алу бөліміндегілер өздері әдейі ұйымдастырып, түкке тұрмайтын 2-3 миллионға бола мардымсыз кемшіліктерге кенедей қадалып, бүкіл қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын тоқтатып қойып отыр! Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің тарапынан бұл дұрыс емес және негізсіз! Мен бұл әділетсіздік туралы жоғары жаққа жазамын! Әжібековтың өзі де ештеңе түсіндіре алмады, біз де одан мардымды жауап алып жарытпадық. Министрге барамын, әрі жоғарыға жазамын деп айтқан соң аяқ тартқан шығар. Біле білсеңіздер, бұлар деген ештеңеден тайынбайтын, Құдайдан қорықпайтын, дүниенің діңгегін ұстап тұрғандай, мемлекеттік сатып алу мекемесіндегі жылы орынға жайғасып алып, заңды белшесінен басып, тендерге қатысушылардың тағдырымен ойнап отырады. Сонымен, кабинетке бір кіріп, бір шығып жүрген Ажибеков Оспан да келіп, «Көке, 07.04.2021 күні келіңіз, шағым арызды қарау мерзімі сол күні бітеді, мен сізге жауабын сол күні айтамын», - деп шығарып салды. Содан 7 сәуір күні қорытындысын білуге барсақ, Ажибеков Оспанның өзі де жоқ, маманы Азаматы да жоқ. Жиналысқа кеткен дейді. Астында біраз күттік, келмеді. Түскі үзіліске кетті ма, жоқ әлде қорқып артқы есіктен қашып кетті ма, әйтеуір жоқ болды ғой. Оның орнына Сержан деген жас бала келіп, бізге Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімі «отмена» берді деп хабарлады. Қағаздарын әкеп берді, бірақ база істемей тұр деді. «Бастығыңды күтемін, шақыр қай үлкен бастыққа жиналысқа кіріп кетті?» - деп сұрадым. Сағат күндізгі 11-жарымнан 1-ге дейін күттік, келмеді. Не Ажибековтың өзі жоқ, не оның қарамағындағы оң қолы Азаматы да жоқ. Сонымен ауданға қайттық. Қайтып келген соң базаға кіріп қарасақ, облыстағы ішкі мемлекеттік аудит «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің түсірген шағымын қанағаттандырусыз қалдырыпты үш лот бойынша. (Отказ в удовлетворении обжалования) деп орысша жазылған. Сосын мен дереу ішкі саясат бөліміне хабарластым Мақтааралға. «Бұл қалай болды? «Бәйтеректің» арызын ішкі аудит қанағаттанырусыз қалдырған екен ғой. Неге сендер отмена жасайсыңдар? Олай етпеулерің керек еді ғой!» – десем, Мақтааралдың ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташева: «Біздің бөлімнің бас маманы Ерболат Әбеновты Оспан Ажибеков шақырып алып, отмена бермесеңдер болмайды, әйтпесе 700 мың теңге айыппұл төлейсіңдер» – депті. - Конкурсты қайта жариялаймыз, басқа амал жоқ». Сонда бұл тышқан мен мысықтың ойынындай болып тұр ғой. Сонымен, Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу саласының камеральдық бөлімінің басшысы Оспан Ажибеков өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, жеңімпаз атанған «Ұлы дала ауылдары» ҚБ жұмысын тоқтатып қойып, теріске шығарып, Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысына телефон соғып, егер конкурсты отмена жасамасаңдар, мойындарыңа 700 мың теңге айыппұл саламыз деп мәжбүрлеген екен. Яғни қорқытқан. Ал, негізінде шағым арыз қанағаттандырылмаған жағдайда ұтып тұрған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып қала береді де, тапсырушы жақ ешқандай да айыппұл төлемейді. Ешқандай да отмена берілмеуі тиіс еді. Енді бұл жерде, ішкі мемлекеттік аудиттің бөлім басшысы Оспан Ажибеков ішкі саясат бөлімі басшысын конкурсты отмена жасатуға мәжбүрлегені айдан анық жағдай. Ажибековтың ойынша Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы кінәлі болып қалады да, Ажибеков өзі «сүттен ақ, судан таза» болып құтылып кетпек қой. Міне, көрдіңіздер ме, ол жағын да ойлап қойған бұл пысықай. «Айран жалаған құтылып, шелек жалаған тұтыладының» нағыз өзі болайын деп тұр. Бұл Ажибеков дегенің мемлекеттік сатып алу саласын жетік меңгерген, шахмат тақтасында ойнағандай, тендерге қатысушылардың тағдырымен де солай шебер ойнайды. Бір ғана Мақтаарал ауданын емес, талай ауданның ішкі саясат бөлімдерінің басшыларын зар илетіп, осылай тығырыққа тіреген шығар. Оны бір Алла біледі қаншасын қинағанын. Ажибеков Оспан өзінің жұмысын нақты білмей ме, әлде жұмысына жауапсыздық таныта ма, әйтеуір мемлекет мүддесін ойлайтын, мемлекетке шын жаны ашитын адамға еш ұқсамайды. Себебі өзі басқарып отырған бөлімнің жұмысын дұрыстап үйлестіре алмайды. Алдына адам келіп отыр-ау демейді, дұрыс қабылдамайды, сөзіңді жүре тыңдайды, шошаңдап қайта-қайта телефонына жабысып, кабинеттен шығып кете береді. Өте тәкаппар. Ал қазірден бастап тәкаппар болса, Құдай біледі ертең қандай болып кетерін. Тәкаппарлық жақсы қасиет емес. Қазақта «мойнына жал біткен» дей ме? Сонысына қарағанда мемлекеттік қызметшінің этикасын да сақтамай ма деп қалдым. Бұл әрекеттері сырт көзге тым оғаш көрінеді екен. Білдей бір бөлімді басқаратын салиқалы да сабырлы басшы сияқты емес, мектеп оқушысына ұқсап кетті. Тіпті мектеп оқушысы да өйтпейді ғой, үлкен адамды құрметтейді, сөзіне құлақ асады, ұстаздарын сыйлай біледі. Адам танитыным рас болса, мынау Ажибеков Оспан деген азаматты мен бір көргеннен-ақ танып қойдым. Ол менің ешкімім де емес, бұрыннан араласқан танысым да емес, жақыным да емес. Керек десең танымаймын да! Бірақ қандай адам екенін жүріс-тұрысынан, мінезінен-ақ байқауға болады, қандай басшы екенін іс-әрекетінен-ақ аңғару болады. Осы Оспан Ажибековтың өзі шымкенттік «Бәйтерек» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігін қолдап, соларға көмектесіп отыр ма деген күдікті ойлар да туындап отыр менде. Осы орайда Абай атамыздың «Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын?» деген нақыл сөзі еске түсіп отыр. Ұлы Абай айтқандай, адам деген атқа лайық болу керек қой қашанда. Үкімет сеніп сені осындай жауапты қызметке қойды ма, сеніп тапсырды ма, адал істе, әділ істе, қарапайым бол, жауапкершілікті сезіне біл! Мен «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігін Ұлы дала елінің ауылдарын дамыту, көркейту мен гүлдендіру мақсатында құрған болатынмын. Бар береке-бірліктің бастауы ауылда емес пе? Бәріміз де ауылда туып-өстік, ауылдан шықтық. Ауылдарды ауылдан шыққан, ауылда туып-өскен біздер дамытпағанда енді кімдер дамытады? «Туған жерге туыңды тік, елге тағзым ет!» деп Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бекер айтпайды. Ендеше, ауылды дамытам дегендерге ешқандай кедергі келтірмеу керек. Тағы бір айта кететін жаңалығым бар. Мен осы 2021 жылдың қаңтар айының басында Нұр-Сұлтан қаласына барып, ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қабылдауында болып қайттым. Министр Аида Балаеваға мен Мақтаарал ауданындағы үкіметтік емес ұйымдардың тендерге бөлініп жатқан қаржылары мардымсыз екендігін, бір жылға 1 млн 900 мың немесе 2 млн 300 мың теңгелері түкке жұғын болмайтынын айтып үлкен мәселе көтерген болатынмын. Себебі биыл Тәуелсіздік алғанымызға – 30 жыл толып отыр. Осыған орай іс-шараларды көптеп өткізуіміз керек қой. Сол үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға ҮЕҰ-дарға қаржыны да аямай бөлу керек! Содан кейін осы Мақтаарал ауданына 2021 жылға 7 млн теңге бөлінген. Әне, сөйтіп осынша 7 млн теңге қаржыны министрге арнайы барып Мақтаарал ауданына бөлдіртіп келіп отырған осы «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігін жеңімпаз болып тұрған жерінен ұтылдырып, аяқтан шалып, шеттетіп отыр. Бұл енді таза адамгершілікке жатпайды. Негізі, ұзынқұлақтан естуімізше, бұл қызметке Оспан Ажибеков көке-жәкелерінің арқасында келген ерке бала көрінеді. Кезінде Шымкент қаласында Батырбек Көшербайдың қарамағында жұмыс істеп жүріп, заң бұзушылықтар жасап көзге түсіп, қудаланған деседі жұрт. Не үшін кеткенін білмейміз ғой, оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Сөйтіп, Астанаға кетіп тынған екен. Ондай адам Астанада Комитетте қалай жұмыс істеген, соған таңым бар. Комитеттегілер мұны қолдап, сөзін сөйлеп, Оспанның жіберген кемшіліктеріне көздерін жұма қарайды екен деген әңгімелердің де шет жағасын естіп жатырмыз. Сондықтан да болар мүмкін, дүниенің діңгегін ұстағандай болып жұртты менсінбей жүретіні. Қанша дегенмен, «Госзакупканың басшысы» ғой! Дәурені жүріп тұр ғой! Түркістан облысы бойынша мемлекеттік сатып алулар саласында орын алып отырған бұл келеңсіздіктердің барлығының түпкі себебі, жауапкершіліктің жоқтығы, қабылданған шешімге ешкімнің жауап бермейтіндігі. Сондықтан, мемлекет мүддесін емес, жеке бастарын көбірек ойлайтын мұндай қызметшілерден ертерек құтылғандарыңыз өздеріңізге де жақсы, тендердің әділ өткені бізге де жақсы! Құрметті Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы! Құрметті ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Берік Төлеутайұлы! Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік сатып алу саласы бойынша камеральдық бақылау бөлімінің басшысы Оспан Ажибековты қызмет барысында жіберген заң бұзушылықтарын анықтап, қызметтік тексеру жүргізулеріңізді және жұмыстан босатуларыңызды сұраймын. Және өткізілген № 5414758-1 конкурсты қаншалықты әділ өткенін егжей-тегжейлі тексерулеріңізді сұраймын. Себебі, Оспан Ажибеков осы мемлекеттік сатып алу саласының тізгінін ұстап тұрғанда, Оңтүстікте тендердегі шикіліктер белең алып, одан сайын ушыға түсе ме деп алаңдаймыз. Әйтпесе, «отқа салса, жанбай, суға салса, батпай», Ажибеков мырза бұл қызметте қашанғы желе жортып жүре бермек??! Егер сіздер Оспан Ажибековке шара қолданбасаңыздар, мен тікелей Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа хабарлама беруге мәжбүрмін. Мамыр айында Президенттің қабылдауына жазылып қойғанмын. Сөз соңында сіздерге қояр бір-екі сауалдарым бар, осыған жауап беріңіздерші. 1. Шағым арыз қанағаттандырылмаған жағдайда ұтып тұрған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып қала бере ме, жоқ конкурстан шеттетіле ме? 2. Шағым арыз қанағаттандырылмаған жағдайда әлеуметтік тапсырыс беруші жақ егер конкурсты дер кезінде тоқтатпаса, яғни отмена бермесе, айыппұл төлей ма, төлемей ма? 3. Жалпы мұндай жағдайда өзі конкурсты қай тарап тоқтата алады, яғни кім отмена бере алады: әлеуметтік тапсырыс беруші жақ па, әлде ішкі мемлекеттік аудит па? 4. Ішкі мемлекеттік аудит қандай жағдайда айыппұл сала алады? 5. Дәл қазіргі біздің жағдайымызда Түркістан облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камеральдық бақылау бөлімінің басшысы Оспан Ажибековтың Мақтаарал аудандық ішкі саясат бөліміне отмена бермесеңдер, 700 мың теңге айыппұл саламыз дегені дұрыс па? Қалай ойлайсыздар? Менің осы сұрақтарыма жауап беріңіздерші. 6. Тағы бір өтінішім бар: Мен осы алдағы мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауына барғалы жатырмын. Былтыр алдын ала жазылып кеткенмін. Енді сіздердің қабылдауларыңызға кіруім керек болып тұр. Осы Оңтүстікте болып жатқан тендердегі былық-шылықтар жайлы айтарым көп сіздерге. Сондықтан мені жеке қабылдауларыңызды өтінемін. Құрметпен және өтінішпен; Онласын Назаров, Түркістан облысы «Ұлы дала ауылдары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. ...

Толығырақ
АУБАКИРОВ МАРАТ
  • Жайымбетов М.Ж.
  • 13.04.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 61
  • № 679088

Согласно пункта 1 раздела 5.1.1 Государственной программы жилищно-коммунального развития "Нұрлы жер" на 2020 - 2025 годы МИО для обеспечения жильем данной категории в порядке, предусмотренном законодательством о государственных закупках, приобретает на первичном и вторичном рынках жилье площадью 60 кв. метров и более, соответствующее установленным санитарно-эпидемиологическим и техническим требованиям. Допускается с согласия многодетных семей приобретать жилье менее 60 кв. метра. К примеру, частный дом без центрального отопления (который имеет в доме печку), без канализационных сетей (туалет на улице), без сетей водоснабжения, подходит ли по техническим требованиям установленные к жилью? Кроме того, просим разъяснить какое жилье считается подпадающим под технические требования. ...

Толығырақ
АУБАКИРОВ МАРАТ
  • Цой А.В.
  • 13.04.2021
  • · Өтініш қабылданды·
  • · Мемлекеттік органдардың жұмысы туралы(мемлекеттік қызмет көрсету) ·
  • 72
  • № 679087

Согласно пункта 1 раздела 5.1.1 Государственной программы жилищно-коммунального развития "Нұрлы жер" на 2020 - 2025 годы МИО для обеспечения жильем данной категории в порядке, предусмотренном законодательством о государственных закупках, приобретает на первичном и вторичном рынках жилье площадью 60 кв. метров и более, соответствующее установленным санитарно-эпидемиологическим и техническим требованиям. Допускается с согласия многодетных семей приобретать жилье менее 60 кв. метра. К примеру, частный дом без центрального отопления (который имеет в доме печку), без канализационных сетей (туалет на улице), без сетей водоснабжения, подходит ли по санитарно-эпидемиологическим требованиям установленные к жилью? Кроме того, просим разъяснить какое жилье считается подпадающим под санитарно-эпидемиологические требования. ...

Толығырақ