Маңғыстау облысының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы» интернет конференция өткізеді.

2010 жылғы 23-ші сәуір мен 10-шы мамыр аралығында Маңғыстау облысының әкімшілігі «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты интернет конференция өткізеді. Қойылған сұрақтарға жауаптардың барлығы «электрондық үкімет» Порталында ағымдағы жылғы 30 мамырда жарияланады.

  • Сұрақтар: 29
  • Жауаптар: 29
  • 38963
  • 23.04.2010
  • 10.05.2010

Даулетбаева Г. С. 07.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Сәлеметсізбе Қырымбек Елеуұлы! Ақтауда мүгедек балалар интернатының ашылғанын қалап, жан-жаққа арыз жазып 10 жылдай жүгіріп едім. Сіздерге көп-көп рахмет интернаттың ашылғанына 1 жылдай болып қалды. Балам қазір бұйыртса 15-ке келеді, интернат тек 18 жасқа дейін дейді. Сізден өтінетініміз: интернаттың жанынан 18 жастан-25 жасқа дейін балаларды жұмыс жасауға үйрететін немесе жұмыс жасайтын бір ұйым ашса дейміз. Осы өтінішімізді аяқсыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Алдын ала көп-көп рахмет!

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Жұмасейітқызы Мәншүк 07.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Сіздің қала тұрғындарымен осындай байланысқа шыққаныңызды қуана қарсы ала отырып, қала халқы жауап таба алмай сенделіп жүрген бір үлкен мәселеге жауап күтеміз. Мен өзім 2004 жылдың тамыз айында жер бөлу жөнінде арыз жазған болатынмын, содан 2007 жылы - 2006 жылдың 1-шы қаңтар айына дейін тапсырылған арыздар бойынша құжаттарды қайта тіркеп жатқаны жөнінде бір хабар естідік, онда да халық бір-бірінен естиді. Ұзын-ұзын ширеттерге тұрып керекті құжаттарды тапсырдық және әкімшілікте құжаттарды қабылдап алған адамдар жоғалтып алып немесе таба алмай қалуына байланысты, қайта-қайта тапсырдық. Бұл жазуға, ауызбен айтуға оңай болғанымен үлкен шаруа болды, әсіресе жұмыста жүрген адамдарға оңай шаруа болған жоқ. Одан соң, жерді Маңғыстау 4,5-тен береді екен деген хабар шықты, халық Маңғышлақ стансасына шұбырды, енді олай болмай шықты, тізімдер Мұнайлы ауданында екен, жерді сол жерден береді екен деген хабар шықты, күні бүгінге дейін күдерімізді үзбей телефон арқылы немесе аяқтай барып сол Мұнайлыдан хабар күтіп жүрміз, бірақ ешқандай дұрыс жауапты бізге ешкім бере алмай отыр??? Осы жағдайды толық мағынада жазып отырған себебім, сіз халықтың осы жағдайымен хабардар ма, әлде бейхабар ма деген ой. Сізге бір сұрақ: сол жер жөніндегі мәселе қалай және қашан шешіледі? Болады немесе болмайды деген жауап керек халыққа. Егер шешілген күнде халық қалай хабардар болады? Жалпы сіздің Ақтау қаласына және халқына қамқорыңыз өте зор, көңілге қонымды. Ал ...
Толығырақ

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Даулетбаева 07.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Кұрметті Қырымбек Елеуұлы! Менің мамандығым мұнай инженері, проектировщик. 12 жыл еңбек өтілім бар, НИПИ "CER" де қызмет еттім, 2006 жылы семья жағдайымен жұмыстан шығып кеттім (бір балам мүгедек), артынан барғанымда сокращения деп қызметке алмады. Енді 4 жылдай үйде отырып қалдым. Сізден өтінетінім заводқа немесе қаланың ішінен бір проектта жұмыс болсын, мамандығыма сәйкес жұмысқа орналастыруыңызды сұраймын. Алдын-ала көп-көп рахметімді жолдаймын!

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Алуадинова Жемис Есенкызы 07.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Сәлеметсізба Қырымбек Елеуұлы! Сізге Ақтау қаласынан хат жолдап отырмын. Мен, Алуадинова Жеміс Есенқызы 1982 жылы туылғанмын. Отбасымда жолдасым, 3 сәбиім бар. 2007 жылдан бері үлкен ұлымның табанының астынан жара пайда болып екі табанынанда ол келе келе ұлғайып тіпті кей күндері аяғынан басып жүре алмайда қалды. Алғашқы қойған диагнозы «Кератодермия ладоней и подошв» бойынша 2009 жылы Алматыда квотамен емделіп келдік. Емін алғанда жаксы болады бірақ кетпейді. 2010 жылыда Алматыға квотамен «Псориаз обыкновенный, с преимущественным поражением ладоней и подошв» диагнозы бойынша емделіп келдік. Сондада толықтай жазылмайды, біраз уақыт өткен сон қайтадан жарасы қабыршақтанып аяғын баса алмайтындай жағдайға жетеді. Қазіргі таңда жасы 6 да, жасы өсіп балам өскен сайын салмағы көбейген сайын аяғын баса алмай қалама деп қорқамын. Басқа елге апарап емдетуге болама ол үшін қаражат бөлінеме? Өзім мұғаліммін қазір 10 айлық баламмен үйде отырым, тек жолдасым ғана жұмыс жасайды. Ақтау қаласы, 5-18-39; тел 522288; 87011398630

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)

Лебен Естай 06.05.2010 Сұрақ нөмірі:
  • 0

Здравствуйте, Крымбек Елеуович. Меня интересует, когда будет завершено строительство жилого комплекса "Заветная мечта 1" в 29 мкр.?

Жауаптар (1) Түсініктемелер (0)